Шын мәнінде, құмар ойындарды ұмытуға тырыспағаныңыз өте маңызды.
Бір нәрсе жайлы ойламауға тырысу, адамдарды сол нәрсе жайлы көбірек ойлауға итермелейді. Егер мен сізден Пілдер жайлы оймаңызшы деп сұрасам, бірінші кезекте ойыңызға не келеді? Міне, дәл осы!
Құмар ойындарды қоғамда жоқ құбылыс деп, оны ұмытуға тырысудың ешқандай қажеті жоқ. Бірақ бұл туралы, иллюзияларға сеніп емес, шынайы өмірге тура қарап ойлану өте маңызды. Ал шынайы қарайтын болсақ, құмаройындар сіздердің өмірлеріңізді құртқан сұрапыл тәуелділік. Осылай ойлау арқылы бұл тәуелділіктен құтыла алғаныңыз үшін қуаныңыз.
«Маған ойнауға болмайды» деген ойларды «Керемет! Ура! Мен лудоман болуды доғардым. Мен еркін адаммын» деген ойларға ауыстырыныз.