Алгоритм: Құмар ойындарды ойнауды тоқтату.

Құмар ойындардан мәңгілікке бас тартуға болады. Егер сіз бұрын құмар ойындарды доғарудың сәтсіз әрекеттерін жасаған болсаңыз, бұған сенбеуіңіз мүмкін. Бірақ бұл ойыннан бас тарту ешқашан мүмкін емес деген емес, бұл сізде құмар ойыннан арылтатын әдістеме болмады деген сөз. Енді сіз оны таптыңыз. Алгоритм жүздеген адамға өз көмегін тигізуде және де сізге де міндетті түрде көмектеседі.

Бұл қандай Алгоритм және оның қандай артықшылығы бар? 

Алгоритм – бұл сізге құмар ойындардан арылуға көмектесетін нақты қадамдар.

Алгоритм негізі – жеке тәжірибелер. Алгоритм менің жеке басымнан және Чатты қолданушы ойынқұмарлардың басынан өткен тәжірибелер негізігде құралған. Біз бір жылдан аса уақыт тәжірибе алмастық, бастан өткен оқиғаларымызбен бөлістік, құмар ойынға деген тәуелділіктің астында не тұрғанын іздеп заңдылықтарды зерттедік.

Көп зерттеулер нәтижесінде ойынқұмарлық адамдардың не ойнайтына және оның қандай тұлға екендігіне, өмірдегі рөліне қарамастан, барлық адамдарды бірдей өзіне тартады деген тұжырым жасадық. Өйткені, барлық адамдардың психикасы біп-бірдей қағидалар бойынша жұмыс жасайды, тәуелділік мәселесі бойынша да дәл солай. 

Және де, өз-өзіне сөз беру, қоғамнан алшақ болу (мысалы орманға кетіп қалу) немесе ерік күші арқылы құмаройындардан ұзақ уақытқа бастарту көп орындала бермейтінін түсіндік. Иә, әрине бірнеше уақытқа дейін құмаройындар ойнауға құлшыныс болмайды, бірақ ерте ме, кеш пе бәрі қайтадан басталады… 

Әлбетте, құмар ойындарды толығымен тоқтату үшін тағы бір нәрсе керек екені анық.

Тәуелділік – бұл құмар ойындарға деген қайтымсыз құштарлық. Жеңістер мен дофамин миды «бағдарламалап» және миды жалған иллюзиялармен улап тастаған. Дәл осы иллюзиялар құмар ойындарға құштарлықты тудырады. Әдістеме миды «қайта бағдарламалауға», иллюзиялардан арылуға, ақыл-ойды қалпына келтіруге және енді құмар ойын ойнамауға көмектеседі.

Алгоритмде не бар? Белгілі бір тәртіппен орындау керек нақты қадамдар. Кейбір қадамдар ерекше көңіл бөлуді және қатаң түрде орындалуды талап етеді. 

Не жоқ? Магия, гипноз, жалған ғылыми ақпараттар және діни көзқарас. Бұл алгоритмде ғылыми негіз жоқ, бірақ өзіндік ғылыми көзқарас бар. 

Біз сізге сиқырлы дәрі ұсынбаймыз, әлбетте сізге еңбектеніп көңіліңізді бөлу керек. Бірақ Еңбек бәрін де жеңбек. Кеттік, алға!

Құмар ойындарды ойнауды тоқтату Алгоритмы

 

1. Ақшаларыңызды басқаруды сенімді адамға тапсыру 

2. Ұйқыңызды дұрыстау

3. Ұтылған ақшаларыңыздың жалпы суммасын есептеп шығару 

4. Ойын аккаунтарын блоктап тастау

5. Иллюзиялардан бас тарту

6. Ұтылыстарыңызды жазып шығу

7. Өзіңізді ойнауға деген құштарлықтан қорғаңыз

8. Қарыздарды өтеудің жоспарын жасап, қайтаруды бастаңыз.

Алгоритмды қалай қолдану керек?

Дәл орындаңыз. Қадамдарды өткізіп жіберсеңіз, оларды толығымен немесе дәл жазылғандай орындамасаңыз, ол жұмыс істемейді. Кейбір әсерлер болуы мүмкін, бірақ мұндай тәсілмен ұзақ мерзімді нәтижелерге сену мағынасыз.

Бір сәтте сіз бұдан былай ойнағыңыз келмейтінін түсінесіз және сізге ендігі демалуға болады шешесіз. Есіңізде болсын, бұл қақпан: сіздің тәуелділігіңіз ешқайда жоғалған жоқ және егер сіз алгоритмді аяқтамасаңыз, ол ерте ме, кеш пе өзінің бар екенінен хабар береді.

Өзіңізге қатысты қадамдарды орындаңыз. Нұсқаулар барлық жағдайларды ескереді: ойын түрі, қарыздар, жақын адамдардың ойын туралы хабардар болуы және т.б. Егер сіздің ортаңызда ойыншылар болмаса, сізге бұл қадамды жасаудың қажеті жоқ. Сізге қатысты нәрсені жасаңыз.

Қадамдарды мүмкіндігінше тезірек жасаңыз. Сіз минустарды санадыңыз ба? Жарайды, енді аккаунтарды блоктаңыз. Блокталған ба? Ары қарай жылжу. Мұны неғұрлым тезірек жасасаңыз, соғұрлым өміріңізді жақсартасыз.

⚠️ Алгоритмді орындау ойынды мәңгілікке тастап кететіңізге кепілдік бермейді. Сайып келгенде, бәрі сіздің шешіміңізге байланысты. Алгоритм сиқырлы дәрі емес, оның мақсаты – табысқа жету мүмкіндігін арттыру. Алгоритмді дәл орындаңыз – және сіз табысқа жетесіз.