«Тәуелділік» терминін тек никотин, алкоголь немесе героинды асыра сілтеп қолдану процесстеріне ғана пайдалану қате пікір. Қазіргі таңда тәуелділік термині іс-қимылға бағытталған кейбір процесске де қолданылады, мысалы: шопоголизм немесе артық тамақтану. Ал осы іс-қимыл арқылы танылатын тәуелділіктің алғашқысы ретінде лудомания тіркелген.
Лудомандардың ойын туралы айтатын пікірлерін тыңдап көріңіз және оларда нашақорлардың сөздерін қолданатынын байқай аласыз:
«Бұл ерекше кайф, эйфория»
«Ойынға кіріп кету тез. Бұдан шыға алмай жатырмын»
«Ойынды қайта бастап кетуім үшін, бір ғана бәс тігу жеткілікті болды»
«Маған көмек керек екенін білдім, бірақ сонда да ойында тоқтатқым келмеді»
«Мен ақша ұрлап, оларды ойынға құрттым»
«Мен құмаройындарды жақсы көремін, бірақ лудоман болғаным үшін өзімді жек көремін»
«Менің отбасым, балам, уйімнің жағдайы маған маңызды емес, маған маңыздысы келесі ойын»
Темекі шегу, алкоголь немесе өзге де наркотиктерді қолданудағыдай, құмаройындарға деген тәуелділік кішкентай нәрседен басталады және басында барлығы бақылаудағыдай көрінеді. Уақыт өте келе ойын сіздің өміріңізді басқара бастайды және үлкен проблемалар бастау алады.
Ойыннан пайда болған мәселелерді шешудің өзге амалын таппай, ойыншы ессіз түрде бәс тігу суммаларын көбейте береді және солай барлық мәселені шеше аламын деп сенеді. Кейде орын алып тұратын ұтыстар, ойыншының ойынға деген сенімін арттырып, тәуелділікті күшейтеді. Ал ұтқан ақшалар көп ұзамай букмекер қалтасына қайта оралады. Қақпан ойыншыны тереңге батыра береді және соңында ойыншы өзінің тығырыққа тірелгенін түсінеді.