Осы уақытқа дейін ойыншылар арасындар әйелдер қауымы аз еді. Неге?
Әлде оларда ойынға деген құлшыныс ерлерге қарағанда аз ба екен?
Оффлайн букмекерлік орталықтар жұмыс жасап тұрған кезде, сырт көздің сынауынан жасқанып, қыз келіншектер құмар ойын орталықтарына келе бермейтін. Бірақ қазір технологиялардың дамуымен әйел лудомандардын саны күрт өсті. Өйткені қазір әйел адамға ойын ойнау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Барлық ойын сайттары телефон арқылы қол жетімді.
Лудоман қыз-келіншектер санының артуынын басты себебі, құмар ойын туралы арнайы әйелдерге бағытталған жарнама. Ол жарнамалар әйелдерге жақсы демалысты, көніл көтеруді, ойларының сергуін қамтамасыз етуге сендіреді. Жарнамалардың жақсы жұмыс жасап тұрғанының нәтижесін, қоғамдағы әйел құмаройыншылардың санының артуынан байқауға болады.
Барлық адамзат тірі қалу / азапталу механизмі бойынша тіршілік ететінін және құмаройындар құрған қақпанның жұмыс жасау механизмі бірдей болғандықтан, Алгоритмды орындау арқылы қыз-келіншектер де ойыннан шығып кете алады.